15 маусым күні Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды.
Осы атаулы күнге орай Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Литваның Қазақстандағы Елшісі Гинтаутас Васюлис екі мемлекет басшыларының және сыртқы істер министрлерінің атынан құттықтау хаттарымен алмасудың рәсімін өткізді.
Осы жылдар ішінде мемлекеттеріміз арасында екіжақты және көпжақты форматтағы сындарлы қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін аса жоғары және жоғары деңгейдегі сенімді диалог орнап, қолдау табылып келеді.
1993 жылы 7 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, ол екі жақты қатынастардың берік құқықтық негізін қалады.
Литва 2016 жылы алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Екіжақты қатынастарда парламентаралық өзара іс-қимыл ерекше орын алады. Қазақстан Парламентінде және Литва Сеймінде екіжақты достық пен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді, олар сапарлар мен тақырыптық іс-шаралар өткізу арқылы депутаттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстан мен Литва арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейі сауда-экономикалық салада да әлеуетті іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырды. Литва Еуропалық одақ елдері арасындағы Қазақстанның он басты сауда серіктестерінің және әлемдегі отыз ірі серіктестерінің қатарына кіреді. Бұл ретте еліміз Литваның жиырма ең ірі сауда серіктесінің қатарына кіреді. 2021 жылы өзара сауда көлемі 454 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Қазақстаннан экспорт – 356,3 млн АҚШ долларын, елімізге импорт – 97,5 млн. АҚШ долларын құрады. 2022 жыл тауар айналымының жоғары өсуімен белгіленді, осылайша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ол 2021 жылдың ұқсас кезеңімен (71,6 млн. долл.) салыстырғанда 311 %-ке өсіп, 294,4 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстанның экспорты 382 %-ке өсіп, 265 млн. АҚШ долларын құрады.
Екі ел арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен дамытудың тиімді тетігі 2000 жылы құрылған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. Инвестициялар, тасымалдау және логистика, IT, ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту сияқты салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективалары белгіленді.
Бүгінде қазақстандық нарықта 170-ке жуық литвалық компания жұмыс істейді. Литвада да қазақстандық қатысуымен ондаған компаниялар бар.
«Lithuanica» Литва қауымы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі болып табылады. Қазақстандағы 7-мыңдық литвалық диаспора елдеріміздің дамуына елеулі үлес қосуда.
Жалпы, Қазақстан мен Литва бірқатар бағыттар бойынша табысты өзара іс-қимыл жасауда және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайту үшін жұмыс істеуге дайын
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУҒА ДАЙЫН
Prev Post
Next Post