ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

0

Ғалымдардың есептеуінше, адам үшін 20-25 градус ыстық жайлы ауа райы саналады екен. Егер ауа температурасы небәрі 1 градусқа көтерілсе, оны адам терісіндегі терморецепторлар, терең тіндер және органдар бірден сезеді. Айналадағы температура дене температурасынан (36,5-37,5) жоғары болса, салқындау үшін терлей бастаймыз. Салдарынан көп сұйық жоғалтамыз. Адам ағзасына күн өтеді. Күн өтуден көбіне қарт адамдар зардап шегеді екен. Ал ауа температурасы 40 градустан асқанда, далада да, кеңседе де жұмыс істеу өте қиын болады.
Осы ретте ыстықтан қорғануға арналған бірнеше кеңес ұсынамыз:
1. Жеңіл киініңіз. Табиғи талшықтардан жасалған, ашық түсті, ауа өткізетін киімдерді таңдаңыз;
2. Бас киімсіз және көзілдіріксіз жұмысқа бармаңыз. Теріңізді күннен қорғайтын креммен «достасыңыз»;
3. Теріге майлы кремдер мен шамадан тыс косметика жағудан аулақ болыңыз;
4. Мүмкіндігінше газсыз су ішіңіз, оған лимон немесе жалбыз қосуға болады. Көк шай, компоттар да ыстықта ішуге болатын сусындар. Кофе мен алкогольден аулақ болыңыз;
5. Ас қорыту үшін жеңіл тамақ ішіңіз. Жаңа піскен жемістер, балмұздақ және түрлі көкөністер – жаз маусымы үшін өте қолайлы тағам;
6. Ең дұрысы демалысқа бару және тауда демалу;

Көшедегі жұмысшылар ыстықтан қалай сақтану керек?
Күні бойы құрылысшылар, жүк тасушылар, трактор жүргізушілері, парк күзетшілері және көше қызметкерлері кеңседе отырып жұмыс істейтін қызметкерлерден гөрі күн нұрымен көбірек бетпе-бет келеді. Оның үстіне, олардың көпшілігі қалың формада жүреді.
1. Көшеде көп жүретін жұмысшылар ішуге де, жуынуға да мүмкіндігінше көбірек су алуы керек;
2. Лас алақанмен немесе киіміңіздің жеңімен бетіңізді сүртпеңіз. Бұл жағдай үшін әрқашан қалтаңызда ылғал сүлгі ұстаңыз;
3. Үзіліс жасаңыз. Жұмыста әр сағат сайын 10 минут демалыңыз. Немесе екі сағаттық жұмыстан кейін 15 минуттан демалу керек;
4. Көлеңкеде жұмыс істеуге тырысыңыз. Бұл мүмкін болмаса – анда-санда көлеңкеде демалыңыз;
5. Егер сіздің жұмыс орныңыз автокөлік салоны болса – оның терезелеріне күнқағар орнатыңыз. Бұл әдіс автомобиль ішіндегі температураны 5-7 градусқа төмендетеді;

Кеңсені ыстықтан қалай қорғауға болады?
Кеңседе жұмыс істеу оңайырақ. Бірақ кеңседе кондиционер болмаса қиын. Желдеткіштің өзін ұзақ уақыт қосуға болмайды. Салқын жел денсаулығыңызға айтарлықтай әсер етеді.
1. Барлық маңызды жұмыстар мен кездесулерді күннің бірінші жартысында – күн әлі көтерілмеген кезге жоспарлаңыз;
2. Жұмыс үстеліне ыдысқа су толтырып қойыңыз. Буланған су ауаны да салқындатады;
3. Су бүріккіш сатып алыңыз және оған суық су құйыңыз;
4. Қолыңызды жиі жуыңыз. Бұл суық сумен шайынуға тағы бір сылтау;
6. Терезені күннен қорғайтын фольгамен жабыңыз;
7. Бөлмені жиі желдетіңіз;
8. Бөлмедегі қарапайым шамды жарықдиодты шамдармен ауыстырыңыз. Себебі қарапайым шам жылуды көп бөледі;
9. Жаздың ыстық күндерінде жұмысқа таңертең ерте жетіңіз. Ол үшін суық су алып алуды ұмытпаңыз. Әсіресе, бұл қоғамдық көліктерде өміріңізді сақтауға көмектеседі;
Егер ыстықта жұмыс істегендіктен әлсіздік, ентігу, бас айналу, бас ауру, көз қарауыту, жүрек соғысының жылдамдығын сезінсеңіз, абай болыңыз, бұл күн өткеннің айқын белгілері. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге көрінуді ұмытпаңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.