Дүйсенбі күні «AMANAT» партиясы аудандық филиа-лында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй алу, қаржылай көмек, баласының еміне көмек, жер алу жай және өзге де сұрақтармен қайырылды. Бақыт Оңласынұлы әр тұрғынмен әңгімелесіп, бір де бір мәселені назардан тыс қалдырмады. Мәселен, Қордай ауылының тұрғыны көп балалы әке баспанасының жоқтығын айтып, көмек беруін өтінді. Өтініш иесі кезекте тұрғандар тізіміне енгізілген, алайда өз шаршы метрін алу үшін белгілі бір уақыт күтуі тиіс. Аудан әкімінің орынбасары әр қабылдауға келген азаматты мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Нәтижесінде, аталған мәселені шешу бойынша барлық мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Бақыт Сахатов және жауапты мамандар қайырылған азаматтардың барлық сұрақтары мен өтініштеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауап беріп, заң аясында түсініктеме берді.