22 қарашада Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Масаншы және Өтеген ауылдарының тұрғындарымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Қордай аудандық мәслихаты депутатының кезектен тыс сайлауы бірінші рет өткізіліп отырғандықтан, тұрғындарға №3 және №7 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат берілді.
2024 жылдың 22 қарашадан бастап сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды. Яғни, әрбір сайлаушы сайлау учаскесіне барып, тізіммен танысып, деректердің дұрыстығын тексере алады.
Қордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс. №3 және №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне тіркелген кандидаттардың есімдері, сондай-ақ «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген.
Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев №3 және №7 сайлау округтерінің шекарасы шегінде тұратын Масаншы және Өтеген ауылдарының тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы