Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды

0

Қордай аудандық соты ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша А. азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот азамат А. 19.03.2024 жылы Шу өзенінің салаларында тыйым салынған құрал түрімен рұқсатсыз қолдан жасалған тормен балық аулағанын анықтады.

Сотта азамат А. өз кінәсін мойындамады.

ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігінің санкциясымен әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркіленіп немесе онсыз жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза көзделген.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 383 — бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған әкімшілік құқық бұзушылық құралдарын тәркілей отырып, 73 840 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.