Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 21 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі.
Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 10 айлық есеп көрсеткішінен 100 айлық есеп көрсеткішіне дейін сыйақы белгілеп отыр, бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.
Мына телефондарға немесе келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:
Қордай АПБ, Қордай ауылы, «Батыс» ықшам ауданы, №17.
Қордай АПБ кезекші бөлімі тел: «102», 4-91-94.