ЗАҢСЫЗ САҚТАЛУДАҒЫ АТЫС ҚАРУЫН, ОҚ-ДӘРІЛЕР МЕН ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТЕДІ

0

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2024 жылдың 20 сәуірінен бастап халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі.
Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 10 айлық есеп көрсеткішінен 100 айлық есеп көрсеткішіне дейін сыйақы белгілеп отыр, бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады. Мына телефондарға немесе келесі мекенжайларға хабарласуға болады:

Қордай АПБ (Қордай ауылы,
Жібек жолы к. 282 А) Тел.: 2-20-02.
Қордай АПБ кезекші бөлімі,
Тел.: «102».

Leave A Reply

Your email address will not be published.