ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ҚАДАМ БАСҚАН «КЕРІМБАЛА»

0

Аудан орталығындағы «Нұр –Ел» оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Керімбала» балабақшасы заман талабына сай мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін 4К моделі бойынша дамытып, балаларға нақты көңіл бөліп келеді.

Яғни, 4К моделі дегеніміз — балаларды креативті дамыту, командада жұмыс істеу, ерте жастан сыни ойлау және коммуникативтік қабілеттерін арттыру. Балабақша тәрбиеленушілерінің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2021 жылы қыркүйек айында балабақшадағы балалар саны 350 болса, қазіргі таңда 525 балақай тәрбиеленуде, яғни үлкен, жобалық қуаттылығы ауқымды балабақшаға айналған. Стандарт талаптарына сай, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып 21 топқа топтастырылған.
Бір айта кетерлігі, балабақшада әр баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды дамыту мақсатында 5 бағыт бойынша жылдар бойы жоспарға сәйкес нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Тақырыпқа сай ашық есік күндері, ертеңгіліктер, жаңартылған бағытта, стандарт талаптарына сай АҰІӘ-тері, қызықты ойын-сауық шаралары өтеді. Балабақшаға жас мамандар көп келеді. Жас тәрбиешілерге педагогикалық, психологиялық, әдістемелік қолдау көрсетіп, өздігінен үйретіп, өз ісінің білікті маманы етіп шығару «Керімбала» балабақшасының басты міндеті. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану, білікті кардларды жинақтау өз жемісін беруде. Жақында балабақша 5 жылдық еңбегін көрсетіп мемлекеттік аттестациялаудан өтті. Бұл жылдар бойы жасаған жұмыстың, еңбектің нәтежиесі деп білеміз. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59- бабының 4 тармағына сәйкес «Нұр-Ел» оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес келуіне байланысты атестатталды. Бұл балабақша үшін үлкен қуаныш. Жұмысты одан ары өрлетуге құлшыныс тудырды. «Басшысы бастай білсе, он кісі жеңіске жетеді» демекші, биылғы жыл «Керімбала» балабақшасы үшін жеңіске толы, қуанышқа толы жыл болып басталды.
Ақпан айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Алғысым шексіз сіздерге!» атты аудандық байқау өтті. Өңірдегі жас педагогтардың белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту, оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмысын жақсарту мақсатына бағытталған фестивальге Қордай ауданының әр өңірінен 19 балабақша мекемелері қатысты. Байқау 4 кезең бойынша өтті. Осы байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей өткен «Керімбала» балабақшасының педагогтары өздерінің өр мінезді қайсарлықтарын көрсетіп, шығармашылықтарын танытты. Бұл сайыста балабақшамыз «БАС ЖҮЛДЕ» иеленді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балабақша педагогтары келесі облыстық кезеңге жолдама алып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен «Алғысым шексіз сіздерге!» атты фестивалінде жүлделі II-орынды иеленді.
Қорытындылай келе, «Балабақша құрылтайшысы Байбекова Фатима Жұмаділқызына айтар алғысымыз шексіз! Балабақшаның өсуіне, көркеюіне, қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, сыни түрғыда ойлай алатын өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосып келе жатқан үлесі зор», деген ата-аналар пікірімен аяқтауды жөн көрдік.

Ата-аналар комитеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.