ЗАМАНАУИ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЮДЕ

0

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру күн тәртібіндегібасты мәселе. Қазіргі уақытта өңір басшылығы инвестицияныбелсенді тарта отырып, ауданда туризмді дамытуды көздеп отыр. Отандық туризмсаласының дамуына жергілікті кәсіпкерлер де өз үлесін қосуда.

Жеке кәсіпкер Абдулла Лиров өз қызметін 2010 жылы бастаған. Сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында жұмыс істеген кәсіпкер мейрамхана бизнесімен қатар жаңа кәсіп ашуды ұйғарды. 2021 жылы кәсіпкер демалыс аймағын салу үшін Сортөбе  ауылдық округінен жер телімін сатып алды. Айтпақшы, ол мемлекеттен көмек сұраған жоқ – кәсіпке бес жүз миллион теңгеден астам қаржы салып, бір жарым гектар жерге «Paradise» демалыс орталығын салды. Айта кетерлігі, жоба бірден халал стандарты бойынша қолға алынып, оның құрылысына жергілікті жұртшылық қолдау танытты.

-Неліктен «Paradise»? – деп түсіндіреді Абдулла, – өйткені бұл сөзде туған жеріміздің, бір сөзбен айтқанда, жер жәннәтінің барлық жарқын бояуы бейнеленген. Мұның бәрі біздің демалыс орнында шоғырланған. Біз оның әр бұрышына сұлулық әкелуге тырыстық. Мұнда әрбір сәулеттік бөлшекте біздің жанымыздың бір бөлігі жатыр.

Әрбір ұсақ-түйек туралы айта отырып, кәсіпкер еш тайсалмайды. Мысалы, кешенге кіре берісте қонақтарды салқындығымен қарсы алатын ерекше субұрқақтың идеясы Түркістаннан алынған. Кесеге су құйып тұрған шәйнек ауада қалқып бара жатқандай. Шәйнек пен тостаған мыстан жасалған, субұрқақтың биіктігі алты метр. Түнде бүкіл құрылым жарықтандырылады. Белгілі болғандай, субұрқақты Түркістанда жұмыс істеген мердігер компания салған.

Отбасылық ойын-сауық орталығының негізі жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрайтын төрт бассейннен тұрады. Мұндағы су таза, фильтрация орнатылған, жылыту бар. Айтпақшы, құрылыс кезінде әйелдердің де мүддесі ескерілді. Нәзік жандылар мен балалар үшін жалпы аумақтан сәндік ағаш қабырғамен қоршалған бөлек бассейндер салынды.

Бассейндердің айналасында демалыс коттедждері, 100-ден астам шезлонг, монша, қонақ үй, дәмхана салынды. Олардың құрылысына тек жоғары сапалы материалдар пайдаланылды. Және бұл тек құрылысқа қатысты емес. Нысанның жобалану кезеңінде де Абдулла қоғамдық тамақтандыру саласында адал серіктестер іздеген. Елді аралап, жүздеген кафелер мен мейрамханаларды, фаст-фуд нүктелерін аралап, оның пікірінше, Тараздан халал стандарты бойынша фастфуд өнімдерін шығаратын мінсіз өндірушілерді тапты. Франшизаны рәсімдеп кәсіпкер кешен аумағында келушілер тағамдардан дәм тата алатын дәмхана ашты.

Соңғы құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан кешен әлі толық пайдалануға берілген жоқ.

Өз кәсібі туралы айта отырып, Абдулла Лиров қызметін бастаған кезеңіне қайта-қайта оралды. Оның айтуынша, сауда ол адамдардың игілігі үшін жұмыс істеп жатқан қуанышын әкелген жоқ.

Кәсіпкерге барлық бастамада отбасы – әйелі Нәзира, алты баласы және маркетолог, PR-менеджер, мобилографтан тұратын пікірлестер командасы қолдау көрсетеді.

Кәсіпкер «Paradise» біртұтас нысан ретінде жұмыс істей отырып, Қордай өңіріндегі ең үлкен демалыс аймағына айналатынына сенімді. Кәсіпкерлікті дамытуда кәсіпкер орталықтың жыл бойы жұмыс істейтініне арқа сүйейді. Сонымен қатар, А.Лировтың кешенді дамыту бойынша көптеген жоспарлары бар – бұл су аттракциондарын салу, оған ауданнан ғана емес, көршілес мемлекеттерден де қонақтар келеді деп күтілуде.

Ләйлім ДОСЕМБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.