Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2025 жылғы 4-ші желтоқсанындағы №1043 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 32-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерлер қатарынан танк, инженерлік мамандықтары бойынша және әскери қызметке шақыру жүргізілуде.
Осыған сәйкес Қордай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде де офицер мамандығын таңдаймын деген азаматтармен жұмыстар атқарылуда. Қарулы Күштерде қызмет өткеру абыройлы, жалақысы жоғары төленетін кәсіп алу мүмкіндігін береді.
Офицерлер лауазымдарына әскери қызметке шақырылатын адамдар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
Дені сау болуы;
Әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығының болуы;
Соттылықтың болмауы;
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес барлық әскери қызметшілерге белгілі бір жеңілдіктер бар, офицер мен оның отбасына жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынған.
Әскери қызметші әскери қызмет өткергенде, тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрады (тек әскери қызмет өткеретіндер ғана).
Кезектілік тәртібімен әскери қызметшіге қызметтік тұрғын үй беріледі немесе Қорғаныс министрлігі тұрғын үй төлемдерін екінші деңгейдегі банктегі жеке арнайы шотқа аударады. Қызметтік тұрғын үй жабық әскери қалашықта орналасқан жағдайларда әскери қызметшіге қызметтік тұрғын үй және 50 пайыз мөлшерінде тұрғын үй төлемдері беріледі.
Әскери қызметші оларды:
Тұрғын үйді жалға алу немесе кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалға алуға;
Ипотекалық несиені (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды меншікке сатып алуға;
Бұрын алынған ипотекалық несиені (қарызды) өтеуге;
Тұрғын үй құрылысына үлеске қатысу кезінде жарналарды төлеуге;
Жинақтарды тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде толықтыруға.
Жоғарғы аталған мәселе бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады.
Мекенжай: Қордай ауылы, Нығмет Сауранбаев көшесі, 183 А.
Байланыс номері: 8(72636) 4-86-30
А.САУСАКБАЕВ, Қордай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник