ЗАУЫТТАН КЕЛЕР ЗАЛАЛ

0

Алға ауылының тұрғындарынан ауыл маңында орналасқан «Тас Алға» ЖШС-не қатысты шағымдар келіп түсуде. Елді мекен тұрғындары өндіріс орнының мұржаларынан шыққан қара түнін ауаны ластап, халықтың денсаулығына залал келтіріп жатқанына, жайылым жерлерді құртып, үлкен жүк көліктерімен әрлі-берлі жүріп, жолдың сапасын бұзып жатқанына наразы.

Айта кетейін, «Тас Алға» ЖШС – 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ауданда қиыршық тас өндіретін кәсіпорын.

Ауыл тұрғындары аталмыш кәсіпорынға қатысты наразылықтарын көптен бері айтып келеді. Осы ретте аудан экологиясына жауапты мекеме өндіріс орнының фильтр орнатуына ықпал етсе, көлік бақылау инспекциясы кәсіпорынның жүк көліктерінің жүруіне рұқсаты бар-жоғын анықтап, мәселенің заңды тұрғыда шешілуін қадағаласа, келер зиянның аз да болса кемитіні анық.

Әлібек ОМАР, «Аmanat» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.