ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІНЕН ҰСТАП ҚАЛУ ТӘРТІБІ

0

1.Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен ұстап қалу тәртібі қандай заңмен айқындалады?
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңының 23 бабымен және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымындағы №126 Заңының 7-бабымен айқындалады.
2.Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен ұстап қалуда шектеу барма?
Зейнетақыдан және жәрдемақыдан ұстап қалу, төленуге тиісті сомадан жүргізіледі:
-Зейнетақыдан төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.
-Жәрдемақыдан төленуге тиіс соманың 25 пайыздан артық ұстап қалуға болмайды.
3.Ұстап қалу тәртібі қандай құжаттарға сүйене отырып орындалады?
Зейнетақы мен жәрдемақылардан ұстап қалу тек атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.
4.Ұсталым бойынша кімнен анықтауға болады?
Жергілікті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бөлімінен анықтауға болады.

А.АБДУГАЛИЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз
ету бойынша Қордай ауданының бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.