үгін АЭС салуға қатысты өтіп жатқан референдумға көнекөз қариялар да белсене қатысуда. Солардың бірі — Бетқайнар ауылының тұрғыны, ғасырмен құрдас кейуана Зейтана Құттықова. Зейтана әженің өтініше сай референдум учаскесінің мүшелері жылжымалы жәшікті үйіне әкеп, қарияның саяси науқанға қатысуына мүмкіндік берді.
Ақ жаулықты әже АЭС салуға қатысты мәселені Мемлекет басшысының көпшілік дауысына салу туралы шешімін дұрыс бастама деп біледі.
«Осы жасыма дейін талай сайлауларға қатыстым. Бүгінгі дауысым да мына өсіп келе жатқан ұрпағымның жарқын келешегіне қосқан үлесім», — деген қарт әже референдумның Қазақстанның болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, елге тыныштық, береке тілеп, ақ батасын берді.
Жүзден асқан кейуана дауыс берді
Next Post