«ЖҮЗДЕРІҢІЗ ЖАЙНАП, АЙНАЛАҢЫЗДЫ ШУАҚҚА БӨЛЕЙ БЕРІҢІЗДЕР!»

0

Ардақты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел-аналардың қай заманда болсын өмірдің кез-келген саласында өзінің лайықты орны бар.

Біздің аналарымыз, аруларымыз тек отбасының ұйыт-қысы ғана емес, олар — бүкіл қоғамды алға сүйреп, ел ынтыма-ғын нығайтып, несібесін молайтып жүрген қуатты күш.

Бала тәрбиесіне қашан да ұлт тәрбиесі деп қараған дана халқымыз болашақ ұрпақты дүниеге әкеліп, бағып-қағып, қияға ұшыратын аналарды ардақтай да, аялай да білген.

Алыптың да анадан туатынын ескерсек, нәзік жандыларға деген құрмет те, қошемет те, қолдау мен қорғау да мемлекеттік тұрғыда күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қала береді.

Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңізбен отбасының ғана емес, тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлес қосып жүрсіздер. Қандай қиындық болса да мойымай, ауырлықты көтере білетін қайсарлықтарыңызды дәлелдеп келесіздер.

Әсем көктемнің тамаша мерекесі әрдайым қуаныш сыйлап, жүздеріңіз жайнап, айналаңызды шуаққа бөлей беріңіздер.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңыз-ға шадыман шаттық, бақ-береке, амандық тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Қордай ауданының әкімі Бегзат БОЛАТБЕКОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.