Қордай ауылындағы басты күре тамырлардың бірі — Төле би көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. «Ақжол сервис» ЖШС қолға қалған жұмыстар қазір қарқын алған. Асфальты төсеу басталды. Аудандық орталық ауруханаға дейінгі аралықтағы ескі асфальтті қырып, көшені кеңейту жүріп жатыр.
Қордайдағы халық ең көп жүретін осы аралықтағы жұмыстар тұрғындарға бірқатар қиындық туғызғанымен бұл уақытша екендігі мәлім. Барлығы ойдағыдай болатын болса көп ұзамай Төле би көшесінде қордайлықтар тақтайдай тегіс жолмен қатынамақ. Жол кеңейтіліп қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолы да ретке келтіріліп, арық жүйесі де жөнге келмек.
Қазар қолға алынған құрылыс барысы аудан әкімдігінің, Қордай ауылдық округі әкімдігінің жіті бақылауына алынған. Сәл сабырлық болса жаңа жол ауыл ажарын аша түсері сөзсіз. Еске сала кетсек, Төле би көшесіндегі жұмыстар туралы газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Сол кезде «Ақжол сервис» ЖШС өкілі қараша айының соңында толығымен аяқталатынын жеткізген болатын.