Қордай аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қолданысқа енгізілетініне байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысын тоқтатады. Жаңа Әлеуметтік кодексі бойынша өңірлерде Еңбек мобильділігі орталықтарын құру қарастырылған. Ал, жұмыс істеп тұрған Жұмыспен қамту орталығы Еңбек мобильділігі орталығының филиалы болып табылатын «Мансап» орталығы болып қайта құрылады.
Осыған байланысты Мансап орталығын құру мақсатында Жұмыспен қамту орталығын тарату рәсімі басталды. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, кәсіптік оқытуға әлеуметтік келісімшарттар, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттық келісім-шарттар бұзылуы туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, бұзылған келісімшарттар құрылған Еңбек мобильділігі орталығымен қайта келісілетінін хабарлаймыз, ол кейінірек хабарланады.