«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге көтерілуіне орай, барлық ауылдық округ әкімдерінен 2024 жылға жұмысшылардың жалақысын көтеру туралы аудандағы жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуін, ал мекеме, кәсіпорын басшыларын аталған мәселені тұрақты бақылауда ұстауын сұраймыз.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!!
Сіздің мекеме бойынша жұмысшылардың орташа жалақысы көтерілген жағдайда, ақпаратты Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынуларыңызды сұраймыз.
МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс беруші қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты келесі тәуекелдерді жабады:
— қызметкердің қайтыс болуы;
— қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы;
— кәсіби ауру.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс беруші қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230 – бабына сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасалмағаны үшін жеке тұлғаларға және кәсіптік субъектілерге айыппұл салынатынын ескерте отырып, мекеме басшыларынан сақтандыру компанияларымен жасалған келісім шарттары туралы мәліметті Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдауды сұраймыз.
Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі