25 тамыз күні Қордай ауданының білім бөлімі және Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жұмысқа мұқтаж азаматтар қатысты, оның ішінде алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар болды.
Осы күні жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 57 мекемеден түскен 165 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша — 96, денсаулық сақтау бойынша — 18 , заң саласы бойынша – 2 және әр түрлі 49 бос жұмыс орны ізедушілер назарына қойылды.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 3 кәсіпорындар мен аудан бойынша мектептердің өкілдері белсене қатысты.
Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 40- тан астам азаматтың ішінен
16 азамат тұрақты жұмысқа, 1 азамат жастар тәжірибесіне, 2 азамат алғашқы жұмыс орындарына жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге келгендерге 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.