Шешім күткен көкейтесті мәселелер қатарында санитарлық нормаларды сақтау тұратыны жасырын емес. Ауданды және Қордай ауылын абаттандыру тақырыбы күн тәртібінен түспейді. Ұзақ уақыт бойы жиналған қоқыс сыртқы көріністі ғана емес, жалпы атмосфераны бұзады. Демек, тазалық шараларына кірісетін кез келген тәрізді.
Мәселені бір жақты шешу мүмкін емес, әрине. Біздің ойымызша – аудан және ауылдық округ басшылығы концепция ұсынса, коммуналдық қызметтер орындап, тұрғындар қолдау танытуы керек. Тек сонда ғана қоқыс шашылып жатқан көшелеріміз жарқырап шыға келеді. Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың төрғалығымен өткен кеңесте осы сынды пікір айтылды. Жиын барысында қызметі ауыл тұрғындарын өмірлік ресурстармен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың өз міндеттерін сапалы орындауы мәселесі де талқыланды. Аудан басшысы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
-Көп жағдай сіздердің келісілген жұмыстарыңызға байланысты екенін ұмытпау керек. Электр қуаты, табиғи газ және су үздіксіз берілуі тиіс. Тек сонда ғана ауданымыздың қалыпты тынысы мен қарқынды дамуын қамтамасыз ете аламыз, — деп атап көрсетті Бегзат Сейсенқұлұлы.
Ары қарай аудан басшысы еңселі тақырып – Қордай ауылын санитарлық тазалау жайына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстарға төмен баға берген әкім жұмысты жан-жақты ойластырып атқару керектігін ескертті.
-Нақты мерзім белгіленді, мәселені зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырған едім. Нәтижеде – жұмыс аяқталмаған. Әр адам өзінің қызметтік міндеттерін орындауда жауапкершілікті болуы тиіс, — деп атап көрсетті Б.Болатбеков.
Ізгі ниетпен орнатылған қоқыс жәшіктерін ауыл тұрғындары ерекше қабылдағаны рас. Бірақ, коммуналдық қызметтердің қоқыс жинау қарқыны мен тұрғындардың әрекеттері сәйкес келмейді. Демек, басқаша ресурстарды іске қосу керек. Бұл мақсатта ауданда қоқыс шығарумен айналысатын жеке компанияларды жұмылдыру мүмкіндігі ұсынылды. Талқылаудан соң аудан әкімі жауапты тұлғаларға мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар орындау мерзімін де ескеру қажет.
-Маған нақты нәтиже керек, ойластырып отыратын уақыт жоқ. Белсенділікпен іске кірісіп, нәтижесін баяндауды тапсырамын, — деді Б.Болатбеков.
Шолпан САБАНОВА