Жаңғыруға жаңа жол, жаңа серпін

0

«Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Еліміздің ұзақ мерзімді дамуы Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу қағидаттарына негізделеді. Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде. Бұл өте тамаша бастама деп білеміз. Президеттің әсіресе мына сөздері біздерге үлкен әсер етіп, болашаққа деген нық сенімге селкеу түспейтініне сендірді. «Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетін болады. 

Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қатысатынын білгені жөн. Ортақ іске үлес қосып жатқанын сезінуі маңызды», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Расында да, ел тағдыры қашан да қымбат. Біздер де өз тарапымыздан әрдайым қолдау көрсетіп, әрбір игі бастамаға ризашылығымызды білдіріп отырамыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.