«AMANAT» партиясының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің биылғы алғашқы отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің 2025 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді. Кеңес мүшелері алдағы уақытта жартыжылдың жұмыстарын қарқынды және үлкен жауапкершілікпен жүргізетіндерін жеткізді. Жыл бойынша аталмыш жоспарға сәйкес кеңес мүшелері ауқымды жұмыстарды қолға алмақ.