Күнбатыс-2 ауылынның кіреберісіне жаңа арка орнатылды. Бұл бастама – ауыл тұрғындарының ынтымағына, бірлігіне арналған керемет белес. Мұндай игі бастама ауылдың көркін тағы да ашып, тұрғындарға ерекше мақтаныш сыйлауда.
Арканы орнату жұмысында ауыл тұрғындары белсенділік танытып, демеушілік көмек көрсету арқылы жобаның жүзеге асуына атсалысты. Жаңа арка Күнбатыс-2 ауылының атын білдіріп қана қоймай, сонымен бірге оның тарихын, мәдениетін бейнелеп отыр. Арканың дизайны ауылдың ұлттық нақышын айшықтап, оны өткен мен бүгіннің байланысы ретінде насихаттауда. Жаңа құрылымның ашылуы ауыл тұрғындары үшін қуанышты оқиға, себебі бұл – олардың туған жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Ауыл азаматтары осындай бастамалар арқасында туған жерінің дамуына үлесін қосуда. Ауылдың ажарын аша түскен арка жаңалықтың жаршысы ғана емес, сонымен қатар ауыл өмірінің жаңа белесін де ашып отыр.
Күнбатыс-2 ауылы тұрғындары, аталған жобаны іске асыруда бірліктің, ынтаның, азаматтық жауапкершіліктің қандай күшке ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл – ауылдың даму жолында жаңа бастамаларды жалғастыруға, бірлесіп жұмыс істеп, жаңа жетістіктерге жетуге ықпал етеді.
Ауылдың көркеюі мен дамуы үшін осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, жастардың болашаққа деген сенімділігін арттыра беретініне сенеміз.