«ЖАҢА ЕСІМ-2023»

0

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қордай аудандық мәдениет үйінде жуырда шығармашыл жастардың
«Жаңа Есім-2023» облыстық жобасының ІІ-кезеңі өтті.
К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының әншісі, «Мәдениет саласының үздігі» Оңал Азаматова және облыстық халық шығармашылығы орталығының бас режиссері Нурали Абдуллаев түрлі номинациялар бойынша үміткерлердің өнерін саралады.
Аудан бойынша 32 жас өнерпаз өнер көрсетіп, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Диас Ұшқанбек және Виталина Василенко, Фархад Анарбеков «Би», ал Құдияр Пердебаев, Санжар Тынышбек және Ернұр Сәпиев «Вокал» номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алды. Жас өнерпаздарға сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.