Аудан аумағында көлік қозғалысын реттеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жылдамдықты реттеуге арналған бейнебақылау камералары іске қосылғанын хабарлаймыз. Бейнебақылау камералары аудандағы Қордай кеден бекетінде және №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің жанында орнатылған. Бейнебақылау камералары келесідей заң бұзушылықтарды анықтайды:
— белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру;
— көлікті басқару кезінде жүргізушінің телефон немесе радиоқұралдарды пайдалануы;
— қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау;
— көлік жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптарын пайдалану қағидаларын бұзуы;
— тоқтату ережелерін бұзу;
— қарсы қозғалысқа арналған жол жағына шығу.
Камералар 10 маусымнан бастап іске қосылды.
Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі