Аудан аумағында көлік қозғалысын реттеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жылдамдықты реттеуге арналған бейнебақылау камералары іске қосылғандығын хабарлаймыз.
Бейнебақылау камералары аудандағы Қордай кеден бекетінде және №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің жанында орнатылған.
Бейнебақылау камералары келесідей заң бұзушылықтарды анықтайды:
— белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру
— көлікті басқару кезінде жүргізушінің телефон немесе радиоқұралдарды пайдалануы
— қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау
— көлік жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптарын пайдалану қағидаларын бұзуы
— тоқтату ережелерін бұзу
— қарсы қозғалысқа арналған жол жағына шығу.
Аудан әкімдігінің ТҮКШ және АЖ бөлімі