«ЖАҢА КІТАПТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

0

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі мен «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінің білімгерлеріне жаңа түскен әдебиеттерді таныстыру мақсатында ақпараттық шара ұйымдастырды.

Шара барысында кітапханашылар кітапхана қорына жаңадан қосылған көркем әдебиеттерді, танымдық еңбектерді, жастарға арналған заманауи бағыттағы кітаптарды таныстырып, олардың мазмұны мен ерекшеліктеріне тоқталды. Әрбір туындының оқырманға берер рухани, тәрбиелік мәні түсіндіріліп, жастардың оқу мәдениетін арттыруға бағытталған пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шараға қатысқан білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұнаған кітаптарды үйге оқуға алды.

Шараның негізгі мақсаты — жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білім көкжиегін кеңейту және оқуға деген ынтасын дамыту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.