Қордай ауданында аудан әкімі Бегзат Болатбековтың төрағалығымен зиялы қауым өкілдерімен жиын өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясы жобасы кеңінен талқыланды.
Аудан басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Отырыста Қордай аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Смағұлов Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен мазмұнына тоқталса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет ұсынылып отырған өзгерістер елдің бірлігі мен тұрақтылығын күшейтетінін атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі Конституция жобасына қатысты ұсыныстар қабылдау жұмыстары жалғасатынын, бірлік пен ынтымақтастық, әділеттілік, заң мен тәртіп қағидалары, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау нормаларының алғаш рет енгізілгенін жеткізді.