Аңырақай ауылында жаңа медициналық пункт қолданысқа берілді.
Құрылыс жұмыстары былтырғы тамыз айында басталған еді. Әр ауысымда 5 адамды қабылдауға есептелген нысанның тапсырыс берушісі Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы.
Құны 145 млн. теңгені құраған жобаның құрылыс жұмыстарын мердігер А.Даулетбаев басқаратын «BS ARGHI GROUP» ЖШС белгіленген мерзімде аяқтаған. Жалпы ғимараттың көлемі 119 шаршы метрді құрайды.
Нысанның ашылуына арналған салтанатты жиында ауыл халқын аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай және Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айдын Байбеков құттықтады.
-Соңғы жылдары ауданымызда көптеген жаңа нысандар салынып жатыр. Солардың қатарында бүгінгі ашылып жатқан медициналық мекеме де бар. Денсаулық – адамзат үшін құнсыз. Дені сау ұлт – мықты мемлекет кепілі. Сіздерге мұнда тек профилактика үшін келіп тұруларыңызды тілеймін. Денсаулықтарыңыз сыр бермесін, — деді Д.Сүгірбай.
Медициналық мекемінің ғимаратында қажетті жағдайлар қарастырылған. Барлық кабинеттер заманауи құрылғылармен және жиһазбен жабдықталған.
Айта кетейік, салтанатты шара барысында Гвардейск, Отар, Кенен елді мекендеріндегі медициналық нысандарға су жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді.