ЖАҢА ЖОСПАРЛАР

0

Сейсенбі күні «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов ауданымызға келіп, партия мүшелерімен кездесті. Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен партия ардагерлері қатысты.

Кездесуде сөз тізгінін алған аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай күн тәртібімен таныстырып өтті. Одан кейін сөз алған Дауыл Ынтықбайұлы өткен айда өткен саяси науқанға тоқалып,  оның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан партия мүшелеріне алғысын жеткізді. Содан кейін, партияның сайлауалды бағдарламасына тоқтап, ол бойынша әр өңірде бюро отырысында бекітіліп, алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі депутаттарын сайлау науқанында белсене қатысқан қордайлықтарды арнайы Елордадан жеткен «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Алғыс хатымен марапаттады. Сөз алғандар қатарында партия ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» Төле Сүгірбай болып, ауданда партия жұмысының белсенділігін атап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесуден кейін партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары аудандағы партия мүшелеріне жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауында болған жандар ауданның әр саласы бойынша ұсыныстары мен  тілектерін айтып, ол бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыдан кейін, Дауыл Ынтықбайұлы аудандық бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарымен танысты. Әуелі, «Степное» бастауыш партия ұйымында болған Дауыл Бейсенқұлов, ондағы атқарылған жұмыстармен танысты. Партияның пәрменімен шешілген мәселелер мен тұрғындар атынан түскен өтініштерге де назар аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.