Көпшілік шараларын өткізуге жауапты басшылардың алғашқы міндеттері – балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстарын мұқият жүргізу. Мерекелер кезінде балалармен тәрбиешілері және олардың ата-аналары бірге болуы керек.
От тұтанған жағдайда өрт қауіпсіздігі шаралары және балаларды үй-жайдан эвакуациялау ережесі туралы оларға алдын ала нұсқама берілуі тиіс. Іс-шараларды өткізуге жауаптылар барлық үй-жайларды, шығатын қосалқы есіктерді жіті қараулары және олардың алғашқы өрт сөндіру құралдарын қоса алғанда, өртке қарсы толық даярлықтарына тікелей көз жеткізулері қажет. Қазіргі заманғы жасанды модельдерді өндірушілер қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ықпал ететін инновациялық технологияларды ұсынады. «Жанды» шырша «ылғалды» болуы керек, басқа сөзбен айтқанда оны су араласқан құм салынған шелекке орната отырып, үнемі сулап отыру керек, ең дұрысы – суға арналған ыдыс орнатылған арнайы формаға қойылса тіпті жақсы. Үй-жайдан әр түрлі отшашуларды, бенгал отын, білте шамдарды, шартылдақтарды пайдалануға, сондай-ақ жарықты толық сөндіруге тыйым салынады.
Көп жағдайда абайсыздықтан «жаңа жылғы себептерден» өрт пайда болады. Себебі, от шашулар, шырағдандар, бенгал шамдары сынды жарылғыш заттардан түрлі жарақаттар алу қаупі өте жоғары.
Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі Жаңа жылдық кештерде, ертеңгіліктер мен жай ғана үйдегі мерекелік дастарханның шырқы бұзылмас үшін, кез келген төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
— Шыршаны қағаз әрі мақтадан дайындалған ойыншықтармен безендірмеңіз. Ешқашан онда жанғыш шамды ілмеңіз;
— Көзге қауіпсіз көрінетін болса да , кез-келген пиротехникалық бұйымдарды балаларға өз бетінше қолдануға рұқсат етпеңіз;
— Алғашында жанбай қалған пиротехникалық бұйымды екінші рет қолдануға тырыспаңыз.
Қарапайым ережелерді сақтай отырып, Жаңа жылда өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріндегі қауіпті сейілте аласыз.
Қ. ТАСТЫБАЕВ,
Қордай ауданы ТЖБ аға анықтаушысы