ЖАҢАРҒАН ЖОЛДАР ЖАЙЫНДА

0

Қордай ауданына қарасты Ауқатты және Бәйтерек елдімекендерінде автомобиль жолдарының ойық-шұңқырларын жамау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары аясында ұсақ зақымданулар мен апаттық шұңқырларды жоюға баса назар аударылуда. Жобаның тапсырыс берушісі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады. Сонымен қатар, аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қолдауы арқасында бұл жұмыстар өз уақытында әрі жоспарлы түрде атқарылуда.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, жолдардың шұңқырларын және ойықтарды жою, бүлінген асфальтбетон жабындарының жекелеген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстарын аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны жүргізуде. Аталмыш кәсіпорны тәжірибелі мамандардан құралған, олар өз саласында мықты кәсіби деңгейге ие.

Айта кетейік, Ауқатты және Бәйтерек елдімекендерінде бастау алған бұл жұмыстар 16 шақырымға жуық жолды қамтымақ. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарып, тұрғындар мен жолаушылардың өмір сүру сапасы арта түспек.

Тұрғындар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығының артуы, олардың жүріс-тұрысы мен күнделікті тіршілігінде оң әсерін тигізері сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.