Қордай аудандық қоғамдық кеңесінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының күшіне енуіне байланысты маңызды мәселелер қаралған отырыс өтті.
Жиын барысында Конституцияның ел дамуының негізгі құқықтық тірегі екені, оның қағидаттарын жүзеге асыруда мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғамның да маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Ата Заңның басты құндылығы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық келісімді нығайту екенін айтты. Сондай-ақ Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолында әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының маңызы ерекше екені жеткізілді.
Кездесу соңында ардагерлер кеңестері басшыларының онлайн-кеңесіне қатысып, «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасын іске асыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.