ЖАЙЫЛЫМ ТАПШЫЛЫҒЫ: МӘСЕЛЕ РЕТТЕЛІП КЕЛЕДІ

0

Елордада жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен алқа жұмысына Мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылары және басқа да мүдделі мамандар қатысты.

Б.Асылов жиын барысында биыл прокурорлардың мұрындық болуымен мемлекетке қолданылмаған 1,5 млн га жер қайтарылғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қолға алынған іс-шаралардың арқасында қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 млн гектардан 8 млн гектарға дейін қысқартылған. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескерге 500 мың га астам жер қайтарылды.
Тексерулер кезінде олигополиялардың қолдануындағы ең жақсы және құнарлы ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдар мен коммерциялық учаскелер анықталып, олардан мемлекет пайдасына 145 мың гектар жер тәркіленген.
Тексеру қорытындысы бойынша 56 қылмыстық іс қозғалып, 9 кінәлі адам сотталды. Сондай-ақ Шымкент, Ақмола, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша басқармаларының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Шығыс Қазақ¬стан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жеке жер пайдаланушыларына қатысты 56 қылмыстық іс қозғалды.
Бүгінгі күні қылмыс жасаған 9 адам сотталды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 800 үлескерлердің жер телімдерін асыра пайдаланып, алаяқтық жасаған кәсіпорын басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алқа отырысында Берік Асылов уәкілетті органдардың жайылым жерлерін оң басқарудың, ірі жер телімдердің бір қолға шоғырлануына жол бермеу және үлестік жерлерге бақылауды күшейтудің, оның ішінде кез келген заңсыз схемаларды болдырмау жұмысының маңыздылығына назар аударып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты іс-шаралар жоспарын дайындау арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы талаптар қойылды.
Жиында талқыланған екінші мәселе бойынша «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» қызметі тексерісінің нәтижелері талқыланды.
Прокурорлық тексеріс кезінде бюджет қаражатын жымқыру және жоғары бағамен сапасыз медициналық техниканы сатып алу фактілері анықталған. Мәселен, Ақтөбе облысындағы медициналық орталық жылжымалы шұғыл медициналық көмек кешенін (жедел жәрдем) кедендік құнынан 4 есе артық бағамен сатып алған. Нарықтық бағасы 16,6 млн теңге болса, орталыққа 72,9 млн теңге жұмсалған.
Осыған ұқсас заңсыздықтар Алматы қаласында, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, БҚО, Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталып отыр. Тексеріс нәтижелері бойынша прокуратура заң бұзушылықтарын жою туралы 208 ұсыным енгізіп, 405 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 15 сотқа дейінгі тергептексеру басталды.
Қадағалау ведомствосының басшысы медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау қажеттігін атап өтті.
Жиынға қатысушылар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау процесін автоматтандыру, медициналық бұйымдарды сараптау тетігін қайта қарау, медициналық жабдықтарды қадағалау жүйесін енгізуді ұсынды.
Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас прокурор облыс прокурорларына мемлекетке келтірілген залалды өтеуге қол жеткізуді, сондай-ақ жымқыру мен билікті асыра пайдаланған адамдар үшін қылмыстық жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бану ӘДІЛЖАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.