Жалпыхалықтық мейрам

0

Құрметті қордайлықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығымен құттықтаймын! Бұл барша қазақстандықтар үшін маңызы зор және жалпыхалықтық мейрам. Егемендіктің кепілі ретінде Ата Заң бірлігімізді нығайтып, тұрақтылық пен ынтымақтың өзегі, жасампаздық нышаны, игі істер мен қазіргі жетістіктердің бастауы болды. Демократиялық конституциялардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің тұрақты дамуы үшін негізгі құжат болып табылады. Ата Заңның қағидаларын негізге алып, біз қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға тырысып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар саяси жағдайын нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша маңызды мәселелерді шешу үстіндеміз. Қазақстанда қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қимылды, халықтың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын нығайтуға бағытталған реформалар қоғамдағы ішкі тұрақтылық пен келісімді сақтамақ, ал Конституция бұл іске өз септігін тигізеді. Құрметті жерлестер! Сіздерге және отбасыларыңызға татулық, ынтымақ, табыс тілеймін! Дендеріңіз сау, аспандарыңыз ашық болсын. Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер, еліміздің игілі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын.

Құрметпен, Қордай аудандық мәслихатының төрағасы, Нұрдин САДЫҚОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.