Тараз қаласының Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында, 23-25 сәуір күндері аралығында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиада өтті.
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлініп келеді. Ардагерлеріміздің сүйікті спорт түрлерінен бақ сынасуына мүмкіндік жасалынып, жарыстар өткізу дәстүрлі түрде жолға қойылған. Спартакиада 1962 жылы туылған ерлер мен 1964 жылы туылған әйелдер және одан жоғары жастағы ардагерлер арасында өткізілді. Қатысушылар волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Волейбол мен бильярд спорты 24 сәуірде, ал өзге спорт түрлері 25 сәуірде өткізілді.
Спорттық шараның қорытындысы бойынша ерлер арасында дойбы спортынан Жамбыл ауылдық округінің ардагері Ермекбай Жәнібек – 2 орын, үстел теннисінен Масаншылық Бешанло Эрсмане 2 орынды еншіледі. Сондай-ақ, әйелдер арасында үстел теннисінен Қордайлық Павлова Валентина 2 орын иегері атанды. Қордайлық Сатова Роза мен Масаншылық Двумаров Вангар шараның үздік ойыншылары атанды.
Командалық есеп бойынша Қордай ауданы 3 орын иеленді.