«ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР-АЙ!»

0

Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Жалындаған жастар-ай!» атты би байқауы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту және олардың мәдениетке деген сүйіспеншілігін нығайту болды. Байқау жастардың шығармашылық қабілеттерін ашып, оларға өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді.

Байқауға ауылдағы 10-15 жас аралығындағы жас бишілер қатысты. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ауылдық округ әкімдігі тарапынан дипломдар, кубоктар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.