«ЖАМБЫЛ-ӨРЛЕУ» КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА

0

Жамбыл  облысы, Қордай  ауданында 5-15 маусым аралығында  мектепке  дейінгі  ұйым педагогтеріне    арналған  «Жамбыл-Өрлеу»  Кәсіби даму институты ұйымдастырған біліктілікті  арттыру  курсынан өтудемін. Курс оқытушысы Садибекова Мадина Оңғарқызы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық, сюжеттік, ережелі ойындарды қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлаудың тиімді жолдарын меңгеріп, әр күніміз жаңалыққа толы болды. Тәжірибелік сабақтарда балалар ойынының заманауи түсінігі, білім берудегі геймификация ұғымымен таныстық. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешуде педагогтердің IT-құзыреттіліктерін дамыту бағытында ақпараттар берілді. Мен үшін курста мультфильм жасау бағдарламаларын меңгеру, шығармашылық жоба жұмысы, көшпелі-тәжірибелік сабақтары, заттық-дамытушы ортасын құрудың ерекшеліктері өте маңызды болды. Қазіргі өзгермелі уақытта аса маңызды бағдарлама аясында білімімді шыңдап, тәжірибеме қажетті ақпараттар алғаным үшін «Жамбыл  Өрлеу» Кәсіби даму  институтына  алғысымды білдіремін.

Айгерім Балажанова,   «Бәйтерек» бөбекжай- бақшасының  тәрбиешісі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.