Бүгін елімізде Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтуде. Жамбыл ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде. Олардың қатарында алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да бар.
Жамбыл ауылының тұрғыны, 18 жастағы башқұрт ұлтының өкілі Ислам Харрасов та бүгін алғаш рет өз таңдауын жасады.
– Мен үшін бұл – ерекше күн. Бүгін алғаш рет дауыс беріп, өз азаматтық міндетімді орындадым. Еліміздің болашағына үлес қосу әрбір жас үшін маңызды деп ойлаймын, – дейді жас сайлаушы.