Жамбыл облыстық мәслихат депутаты А.Ашимова мен Қордай аудандық мәслихат депутаты Қ.Қыпшақбаева
Қордай ауылындағы кеден қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиында Конституцияның жаңа жобасының маңызы мен алдағы республикалық референдум кеңінен түсіндірілді.
Реформалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар ашық пікір алмасып, өз сауалдарын қойды. Кеден қызметкерлері конституциялық жаңашылдықтарды қолдайтындарын және референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
АтаЗаңдыҚолда