Жамбыл облыстық мәслихат депутаты А.Ашимова мен Қордай аудандық мәслихат депутаты Қ.Қыпшақбаева «Мансап» орталығының ұжымымен кездесу өткізіп, Конституцияның жаңа жобасы мен алдағы республикалық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді

0

Жамбыл облыстық мәслихат депутаты А.Ашимова мен Қордай аудандық мәслихат депутаты Қ.Қыпшақбаева «Мансап» орталығының ұжымымен кездесу өткізіп, Конституцияның жаңа жобасы мен алдағы республикалық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында конституциялық жаңашылдықтардың мәні мен маңызы, олардың мемлекеттік басқаруды жетілдірудегі, заң үстемдігін нығайтудағы және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі баяндалды. Сонымен қатар референдумға қатысу тәртібі мен дауыс беру ерекшеліктері түсіндірілді.

Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өз ойларын білдірді. Коалициясының өкілдері нақты әрі толық жауаптар беріп, қатысушылар енгізілген өзгерістерді қолдайтынын және референдумға белсенді қатысуға ниетті екенін білдірді.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.