«16» шілде 2025 жыл №8
Қордай ауданы Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 24 тамызға Қордай ауданы Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 24 тамызға тағайындалған Қордай ауданы Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязғұлова