«16» шілде 2025 жыл №7
Қордай ауданында Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданының Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Бетқайнар, Қаракемер және Үлкен Сұлутөр ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязғұлова