2025 жылғы «5» наурыз №3
Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 сәуірге Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Қордай шамшырағы» газетіне жариялансын және Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязгулова