2025 жылғы «5» наурыз №4
Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Степной ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязгулова