ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАУЛЫ

0

 

2023 жылғы «29» тамыз                    №06

 

 

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына  сайлауды 2023 жылғы 29 қазанға тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы    28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
  2. Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Округтік сайлау комиссиясы Қордай аудандық мәслихатының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулы «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын және Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Комиссия төрағасы           А.Сырлыбаев

 

Комиссия хатшысы                Г.Абишева

Leave A Reply

Your email address will not be published.