ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ӘЛХАН ЖАНИЯЗ ШЕРНИЯЗҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

Мен 1988 жылдың 8 қараша айында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылында дүниеге келдім.

1996 жылы №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебіне 1-сыныбына қабылданып, 2006 жылы 11-сыныбын бітірдім.

2006-2010 жылдары Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын оқып бітірдім.

2011-2012 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Құқықтану» мамандығын сырттай оқып бітірдім.

2010-2011жылдары Алматы қаласындағы «Калдыбаев» ЖК көгалдандыру саласында шебер-көмекші.

2011-2012 жылдары Алматы қаласындағы  «Greenland» ЖШС көгалдандыру саласында шебер.

2012-2013 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасу ауылдық округінің әкімшілігінің дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша әкімшілікте көмекші. Осы жылдары Қордай ауданының салық басқармасында көмекші болдым.

2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы «Нусипбаев» ЖК техникалық байқау орталығында оператор.

2014-2019 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы ІІО емтихан тіркеу тобында инженер.

2019-2021 жылдары Жамбыл облысы ІІО заңсыз көші-қон бөлімінде аға лейтенант-инспектор қызметін атқардым.

2021 жылдан қазіргі күнге дейін  «JONY» ЖК  жеке кәсіпкер.

2022 жылы «Өтеген батыр қазынасы» қайырымдылық қорының төрағасы.

 

Сайлауалды бағдарлама

Егер мені округімізге әкімдікке

таңдасаңыздар, 4 жыл бойы осы бағытта талмай еңбек ететін боламын.

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ аумағындағы әкім құзыретіне кіретін жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, жергілікті жердегі әлеуметтік экономикалық даму мен саяси тұрақтылықтың сақталуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында өз білімім мен тәжірибемді жұмсаймын. Өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін жастарды қолдау, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру жолында еңбектенетін боламын.

Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын іске асыруға көңіл бөлемін. Ауыл ақсақалдарынан және ауылдың белсенді азаматтары мен ауыл активінен құрылған қоғамдық кеңес арқылы ауылдың тәртібін қадағалап, салауатты өмір салтын ұсынып, қиын мәселелерді бірігіп, ақылдасып шешуді ұйымдастырамын.

  1. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет істеймін.
  3. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.
  4. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға атсалысамын.
  5. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, олардың осы бағдарламалардан өз сыбағаларын алуға жұмыстар атқарамын.
  6. Ауыл шаруашылық теліміндегі жерлерді (шабындық, жайылым, егістік,т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастырамын.
  7. Жастарға – жол ашамыз! Жастар — ел болашағы! Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Жастардың білім, тұрғын үй, жұмыска орналасу тәрізді өзекті мәселесін шешуге қауқарлы жастар саясатын жүзеге асыру.
  8. Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік бағдарламаларды толық пайдаланып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктен түсетін салық көлемін ұлғайтуға үлес қосамын.
  9. Қазақстан Республикасының заңдарының Қазақстан Республикасы Президенті мен үкіметі актілерінің орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақытылы толық төленуін үйлестіруге атсалысамын. Кәсіпкерлік қызметті дамытып, ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыс жасаймын.
  10. Бұқаралық спортты тұрғындар арасында насихаттай отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш саламын. Округтегі денсаулық, білім, мәдениет саласының жұмысын үнемі қолдап, олармен түрлі ұйымдастыру жұмыстарын кеңінен жүргіземін.
  11. Ауыл жастарының көкейтесті мәселелерін оңтайлы шешіп, жастарды ауылдық жерде тұрақтандырып, Қазақстан Республикасының белсенді патриотын тәрбиелеу үшін, ел болашағы жастармен жұмысты кешенді түрде жүргіземін және жастардың теріс діни ағымдардың ықпалынан, жат қылықтардан аулақ болуына бағыт-бағдар беруді басты назарда ұстаймын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.