Өмірбаян
Мен, Абдрахманов Ержан Асылбаевич, Қордай ауданы, Қасық ауылдық округі, Қасық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолымды Талапты ауыл шаруашылық бірлестігінде бастадым. 25 жыл бойы ауданда құқыққорғау органдарында әртүрлі лауазымда қызмет еттім. Қазіргі таңда зейнеткермін.
Сайлауалды бағдарлама
Бүгінде ауылды жерлерді жан-жақты дамыту мәселесі жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде ауыл әкімдеріне тікелей байланысты. Әкім болу ең алдымен округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ауылды көркейту жолындағы адал қызмет деп білемін.
Ауыл әкімі болып сайланған жағдайда Президент Жолдауында атап өткен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бар күш жігерімді жұмсап, төмендегідей өзекті мәселелердің оң шешімін табуына атсалысар едім:
— Ауылдық округтегі қоғамдық-саяси ахуалды, тұрақтылықты сақтай отырып, ортақ іске жұмылдыру мақсатында Президенттің көрегенді басшылығымен жүзеге асып жатқан бағдарламалардың орындалуына ықпал ету;
— Округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандыра отырып, округ бюджетін арттыруға жергілікті салықтан түсетін кіріс көздерін ұлғайтуды және бюджет қаражаттарын ауылдағы қоғамдық кеңес мүшелерімен келісе отырып, мақсатты түрде жұмсауды жолға қою;
— Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыспен қамту жағына баса назар аударған жөн. Тұрақты жұмысқа ауыл азаматтарын көптеп тартуды және жұмыссыз ауыл тұрғындарының грант немесе несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау;
— Егін және мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге жету.
Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалана отырып, ауыл тұрғындарының осы саланы кеңінен игеруі мен қосымша жұмыс орындарын ашуларына мүмкіндік жасау;
— Ауылда учаскелік полиция қызметкері, ақсақалдар мен қоғамдық кеңес және көше комитеті төрағаларымен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын, ауыл маңын көгалдандыру, абаттандырумен қатар, ауылдардағы көше тазалығына мән беру, күл-қоқыстарды арнайы тиісті орындарға шығару, санитарлықтазалық нормаларының сақталуын ұйымдастыру;
— Ауыл тұрғындарының өтініштері мен арыз-шағымдарына уақтылы зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешімін табуға, орындаушылық тәртіпті күшейтуге ықпал жасау;
— Жастар мәселесі де ауыл әкімінің назарында болуы тиіс. Олардың сапалы білім мен тәрбиесіне көңіл бөлу арқылы бос уақытын тиімді өткізуіне, яғни бұқаралық спортты дамыту мен мәдениет ошақтарының жұмыстарын жандандыруды, тұрмысы төмен отбасылар, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, ауыл кәсіпкерлерін демеушілікке тарта отырып, тиісінше көмек көрсетуге ықпал етемін.