Қордай ауылы №411 24.11.2025 жыл
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қарашадағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қарашадағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 385 қаулысының 1 тармағындағы «Айтбаев Булат Дюсебаевичтің» деген сөздер «Айтпаев Жан-Турган Булатовичтің» деген сөздерге ауыстырылсын;
- «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қордай ауданының әкімі Б.Болатбеков