ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, СТЕПНОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР КЕНЖЕБАЕВ АБАЙ МУХИТОВИЧТЫҢ 2023-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

 

Мен, Кенжебаев Абай, Қордай ауданы, Степной ауылдық округі, Арал ауылында туып өстім.

Еңбек жолымды Арал ауылдық мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі болып бастадым. 25 жыл бойы ауданда құқыққорғау және қаржылық полиция органдарында әртүрлі лауазымда қызмет еттім.   Қазіргі таңда Қордай ауданы Қордай ауылдық округ әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас нәтижесі ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, ауыз су, суармалы су, табиғи газ, интернет байланысы және жайылым мәселелері – мұның барлығы маған таныс. Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.

Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!

Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

 

Сайлауалды бағдарлама

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

Степной, Арал, Қалғұты ауылдарында жайылым жерлердің жетіспеу мәселесін шешуге;

Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының  көшелерін жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының көшелерін жарықтандыру жүйесін қосуға;

Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының суармалы судың жетіспеу мәселесінің шешілуіне;

Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының көшелеріне инфрақұрылым жүргізуге;

Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының балалар спорттық сауықтыру алаңшасын ашуға;

Игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күш-жігерімді саламын.

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты.

Сондықтан, Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

Сіздің даусыңыз өз жақын-жұрағаттарыңызбен ауылдастарыңыздың бақытты және бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз!

Берекелі ауыл – табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.