Өмірбаян
Мен, Аманбаев Самат Салимович, 1988 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым-қазақ. Білімім–жоғары.
2010 жылы Қырғызстан Халықаралық Университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтадым.
Еңбек жолымды 2011 жылы Қордай ауданы Қазынашылық басқармасында жастар тәжірибесі бойынша бастадым.
10.2013 – 01.2015 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде хатшы;
05.2016 – 11.2016 жылдары, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде жетекші маман;
06.2017 – 11.2017 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде хатшы;
11.2017 – 05.2018 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман;
08.2018 – 02.2021 жылдары бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы директорының орынбасары, Қордай ауылы;
02.2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Әлжан ана ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің директоры.
Сайлауалды бағдарлама
Егер мен Степной ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асыруына атсалысатын боламын:
— округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырамын;
— 2023-2025 жылдары аралығында шағын бизнес ашуға қолдау көрсетемін;
— 2023-2025 жылдары аралығында жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, жұмыс орындарын құру, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бар күшімді саламын.
— 2023-2025 жылдары аралығында әлеуметтік саланы дамытуға;
— 2023-2025 жылдары аралығында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.
Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім, ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыта отырып,келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.